Жақын күндері таулы аудандарға сапарға шығуды жоспарлауды кейінге қалдырған жөн. Өйткені ауа-райын болжау мамандары күн күрт салқындайтынын мәлімдеді. Әсіресе Бәйдібек және Түлкібас аудандарына жолға шығу қауіпті болып тұр.
Сейсенбі күні түнде оңтүстікте және таулы аймақтарда шығыстан секундына 15-20 м жел тұрып, боран, соңы көктайғаққа ұласады. Ертең күн ашық болғанымен, аязды болады.
Ольга Иконникова, метеоболжам бөлімінің меңгерушісі: «Түнде ауа температурасы -5,-10 градусқа төмендеп, шалғай аудандарда -15, солтүстікте -20, күндіз-10,-15 болады. Шымкентте ауа райы түнде -6,-18 грдаутсты көрсетіп, күндіз 0 шамасында болады».
Қатты боран облысымызда ұзаққа созылмайды. 1-2 ақпан күндері күн ашық болады деп күтілуде. Спутниктен түсірілген суретте қар алып келген көшкінді бұлттың көлемі үлкен еместігін анық көруге болады. Ал желдің екпіні бұл ауа райының құбылмалы екендігін көрсетеді дейді метеоболжам бөлімінің меңгерушісі Ольга Иконникова. Ал ауа-райын болжаушылар мұндай қардың қалың жаууы асулардағы жағдайды қиындатуы мүмкін дейді.
Түлкібас ауданында түнде 12мм қар жауған. Мұның өзі ол аймақ үшін қалың қардың басқанын білдіреді. Өңірімізде ақпан айы аязды болады дейді мамандар.