«Қалашық» (Городок) балалар дүкендер желісі бір айдан соң жабылады. Бұл туралы Kapital.kz порталы «Интертрейд» ЖШС-нің жарнама бөлімінің бастығы Денис Славиковскийдің сілтемесіне сай хабар етті.
Кәсіпкер бұндай шешімнің не себепті шыққаны жайлы жақ ашпады. Бірақ айтуынша, бүгінгі күні Астанада бір дүкен, ал Алматыда екі дүкен жабылып үлгеріпті. Осы айдың ішінде Қостанай мен Қарағанды және Шымкенттегі «Қалашық» (Городок) дүкендер желісі де жабылатын болады. Дегенмен Славиковский олардың нақты қай күні жұмысын тоқтататынын тағы да мәлім еткен жоқ.
«Интертрейд» ЖШС-і Қазақстан нарығында 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания республика бойынша балалар тағамының дистрибуторы болып қызмет атқарды. Сөйтіп, 2006 жылдан бастап «Қалашық» (Городок) дүкендер желісін ашты. «Интертрейд» компаниясының құрамына Chicco, Philips Avent, Bubchen, Bebi Kolinska, «Нутритек», «Бабушкино лукошко» және тағы 60-тан аса әлемдік брендтер кіреді.