Қазақстанда әуе ұшақтарына қажетті жанар-жағармай тапшы

219

Әуежайлар мен отандық әуекомпанияларында 40 мың тоннаға жуық жанар-жағармай ғана қалыпты. Мұны «Новости-Казахстана» АА хабарлайды. ҚР көлік және коммуникация министрлігінің хабарлауынша, «Эйр Астана» әуекомпаниясында 7,4 мың тонна, ал «СКАТ» әукомпаниясында 96 тонна жанар-жағармай қалған.

Көлік ведомствосының басшысы азаматтық авиацияны жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жайын тезарада шешу қажеттігін қадап айтты.

Азаматтық авиация комитетіне әуе ұшақтарына қажетті жанар-жағармайды жеткізу кестесін жасау жүктелді.