Қылмыстық топтың жетекшісі «Дядя Ваня» қолға түсті

262

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті қылмыстық топтың жетекшісін қолға түсірді. «Дядя Ваня» деген лақап атымен танымал болған қылмыскер өңірімізде орын алған бірнеше іске қатысы бар болып шықты. Бұған дейін ол 4 рет сотты болған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіндегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары 24 қаңтар күні жедел іздестіру кезінде қауіпті қылмыскерді қаладағы дүкеннің алдынан ұстаған. 1959 жылғы туылған азаматтың қалтасында граната мен аңшы пышағы болған. Оның сөмкесінен 3 оғы бар 16-шы калибрлы шолақ мылтық табылған. Құрықталушы қамауға алынды.

1 апта бұрын қылмыстық топтың тағы бір мүшесі құрықталған еді.  Одан да суық қарудың түр-түрі табылған.Бұдан бұрын бірнеше рет темір торға тоғытылған бұл азаматтар тағы да сот алдында жауап беретін болады.

 Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы: «Екі рет сотты болған қылмыскерден 16-шы калибрлы шолақ мылтық 2-уі табылған. Қарулардың қайдан алынғандығы мен қылмысқа қаншалықты қатысы барын анықтау мақсатында сот балестикалық сараптамаға жолданған.»