Ұлу жылы үлгілі болмақ

724
Ұлу

Дала данышпаны атанған қазақ халқы: «Тышқан жылы – тыныштық, Сиыр жылы – сыйлық, Барыс жылы – бірлік, Қоян жылы – қамбалы, Ұлу жылы – үлгілі, Жылан жылы – жайлы, Жылқы жылы – жұтсыз, Қой жылы – құтты, Мешін жылы – мерейлі, Тауық жылы – табысты, Ит жылы – игілік, Доңыз жылы – дүниелі», – деп әрқайсысына сипат берген.

Енді санаулы уақыттардан кейін ата-бабамыз «үлгілі жыл» санаған Ұлу жылы есігімізден енеді. Мерекеге күні бұрын дайындықты бастап кеткен көпшілік қауымның көкейінде «Ұлу жылы қандай болады және одан не күтуге болады?!» деген заңды сұрақтың жүргені де жасырын емес. Олай болса…

Ұлу жылы – Қоян жылынан кейін кіретін мүшел есебінің бесінші жылы. Бұл жыл өзге күнтізбелердің бәрінде «айдаһар» жылы деп аталады. Жалпы, ұлу жылы біз жоғарыда атап көрсеткендей «үлгілі» жыл болады деп күтілуде. Қазақтар ұлу суда өсетіндіктен, бұл жылы астық, шөп мол болады деп, оны жайлы, жұмсақ жыл санайды.

Алайда, ұлу жылында да қиындықтар болған. Бұл қиындықтардың бәрі өткен ғасырда және көшпелі тұрмысымызда бол-ғанын ғана ескерсек, жаңа ғасырдағы жаңа да жас мемлекетіміз үшін жайлылық, жаңа жетістіктер әкеледі деп болжанады.

Ұлулар суда достықта, бір-бірімен бірлікте өмір сүретінін ескерсек, келер жыл тыныштық, береке-бірлікті жыл болмақ. Тағы бір айта кетерлігі, ұлулардың арасында ешқандай қиындық, талас-тартыс, бір-бірімен өштесу секілді жайттардың мүлдем болмайтындығын ойласақ, келер жылы да еліміздің әлемдік аренада басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынасы арта түспек дейді жұлдызшы мамандар.