Жаңалықтар 

31-желтоқсан күні оңтүстікте 110 нәресте дүние есігін ашқан

Ал 1 қаңтарда оңтүстікте қанша бала туылғанын ақ халатты абзал жандар әлі есептеп үлгермепті. Денсаулық сақтау басқармасындағы ана мен бала бөлімі осылай деп мәлімдеді.

Ал №1 облыстық перинаталдық орталығында ескі жылдың соңғы күні 21 бөбек туылған. Олардың 13-і ұл. 2012 жылдың 1-ші күні аталмыш орталықта 9 бала шыр етіп дүниеге келсе, 2 қаңтарда 14 бүлдіршін туылған. Ал 3 қаңтар күні 21 ана нірестелі болды.

Мәселен, аталмыш орталықтағы Жұлдызай мен Гүлмира өз әулеттері үшін Ұлу жылына үлкен сый жасаған аналардың бірі. Қос келіншек сәбилерін 2012 жылдың алғашқы сағаттарында босанған. Үш келіден асып туған кішкентай Қарақат анасының көптен күткен перзенті болатын. Бөбек 1 қаңтар күні түнгі 1-лер шамасында туылған. Анасының туған күнімен сәйкес келген бөбегіне келіншек қуанышты.  Ал ондағы тағы бір ана Жұлдызай Пазылбекова Тараздан келген қонақ. Шымкентке қыдырып келген ол мерзімінен бұрын босанып, ана атаныпты.

Сөйтіп, 2012 жылдың бірінші қаңтарында №1 облыстық перинаталдық орталықта 9 бала дүнеиеге келіпті. Жалпы өткен жылды ақ халаттылар жақсы көрсеткіштермен тәмәмдадық деп отыр. Себебі, 2010 жылмен салыстырғанда оңтүстіктегі бала өлімі айтарлықтай азайған. Мұны №1 облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Мадина Көкенова айтып отыр. Бұл ретте медицина саласына қатысты азаматтардың барлығының еңбегі орасан дейді ұжым басшысы.

Дәрігерлер соңғы жылдары ұл жынысты сәбилердің көптеп туылып жатқанын айтады. Сондай-ақ, қоян жылында үшбу орталықта 7602 бала дүние есігін ашса, биыл да осыншама сәби жаңа өмір есігін қағады деп жоспарланып отыр.

Related posts

Пікір қалдыру

1 пікір - "31-желтоқсан күні оңтүстікте 110 нәресте дүние есігін ашқан"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Керемет қуаныш екен!

wpDiscuz