Ақпарат және мәдениет министрі Дархан Мыңбай 50 жаста

383
Дархан Мыңбай Куликовамен

Құрметті Дархан Хамзабекұлы! Бүгін Сіз дүниеге келген күн! Сізді ата-анаңыз осы күні бауырына басып, елдің елеулі, халықтың қалаулы, дархан көңілді ұлы болсыншы деп тіледі. Ата-анаңыздың үкілеген үміті ақталды! Сіздей азаматты өсіріп, тәрбиелеген оларға баршаның алғысы шексіз!

Сіз бағындырған белестер баршылық, алда одан да биік шыңдар тұр. Тәуелсіз Қазақстанның Мәдениет және бұқара халыққа қажетті Ақпарат саласын басқару өзіңізге тапсырылды. Елбасының, елдің сенімін ақтайтыныңызға сенімдіміз! Ердің жасы — елуге келген күні өзіңізге деннің саулығын, қажымас қайрат, күш-жігер тілегіміз келеді.

Сіздің және отбасыңыздың қуанышына әрқашан ортақ «Отырар» телеарнасының, «Рабат», «Оңтүстік Рабат» газеттерінің ұжымдары.