18 жасқа толған әрбір қазақстандық сайлауда дауыс беріп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға құқылы. Қаламыздағы сайлау учаскелерінде жастардың аса белсенділігі байқалды. Алғаш рет қолдарына сайлау бюллетенін алған жүздеген қыз-жігіт өздерін ел патриоттарымыз деп санайды.
1993 жылы туған Ержан Рамазанов сайлауға алғаш рет қатысып отыр. Ол биыл кәмелет жасқа толған жүздеген қазақстандық жас қыздар мен жігіттердің қатарында. Мен бүгінгі жасаған қадамыммен ертеңгі күніме таңдау жасаймын дейді талапты жас. Осы азаматтармен бірге ол алдағы 20 жылда Тәуелсіз елді нығайта түсетініне сенімді.
Ержан Рамазановтың арманы елімізді дамыған елдердің қатарына қосу жолына үлес қосатын азаматтарды таңдау. Ол ойы бүгін орындалды деген сенімде. Бүгін таңертең жергілікті мәслихат пен Мәжіліс депутаттарына дауыс беруге келген жастардың бәрі өздерін отанымыздың патриотымыз деп санайды.