Алтын қолды хирург

641
тұсауы кесілген кітап

Белгілі жазушы, ақын Айыпберген Балтабайұлының осындай кітабы жарық көрді. Ал шығармаға негіз болған кейіпкер медицина саласында ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан хирург – Дербісәлі Сексенбаев. Айта өтейік, ақ халатты абзал жанның дәл осы салада қызмет еткеніне 50 жыл толыпты.

Мың тиражбен басылып шыққан кітап жалпы оқырманға арналады. Шығармада сүйікті дәрігердің өмірі мен оның өз саласында жеткен жетістіктері, жалпы медицина саласында жасалған жаңалықтары жазылған.

Азаматтардың өміріне араша түсіп, ота жасаудың жаңаша үлгілерін ұсынып қана қоймай, медицина ғылымының тізгінін ұстаған Дербісәлі Сексенбаевқа арналған кітаптың тұсау кесер салтанатына қала зиялылары жиналып, білікті хирургқа құрмет көрсетті. Еңбек жолын Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінен бастап, медицина ғылымдарының докторы атағына дейін жеткен хирургқа арналған туындыны облыс және аудан ауруханаларының дәрігерлеріне үлестірді.

Қиын оталарды жасау, адам ағзасының 4-5 мүшесін бірден емдеу тек Сексенбаевтың ғана қолынан келеді. Әсіресе, бүкіл СССР одағы мен әлем мойындаған «Сексенбаев дренажы» арқылы өтке түскен тасты алып, адам баласына өмір сыйлап келеді. Атақты хирург-дәрігердің мұнана өзге көптеген ғылыми жұмыстары мен жаңалықтары жетерлік.

Жұмысқа талапты – хирург, адамгершілігі мол -жан, ақ халатты абзал жан -Дербәсілі Сексенбаев 70 жасқа келсе де, отаны өзі жасап, көптеген шәкірт тәрбиелеп келеді. Олардан медецина ғылымдарының профессорларын шығаруға аянбай еңбек етуде.