Аспирин, аналгин, Но-шпа, валидол, фестал дәрілері қымбаттамайтын болды

Дәріхана

Көпшіліктің сұранысына ие дәрірілердің бағасын көтеруге болмайды. Әкімшілікпен Фармацевтика саласында көтерме және бөлшек сауда бойынша қызмет атқаратындар өзара мемарандумға қол қойды. Бағаның көтерілуіне жол бермейтін құжатқа еліміздің жеті қаласында қол қойылды. Аталған тізімге 200 дәрілік препараттар енді дейді Қазақстанның денсаулық сақтау министірлігі.

Аталған құжаттар «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында рәсімделді. Тізімге Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстары кірген. Мемарандумның басты ұстанымы еліміздің әлеуметтік мәселесін жақсарту.