Автокөлікшілер құрмет белгісімен марапатталды

Тұңғыш рет автокөлікшілер құрмет белгісімен марапатталды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында Үкіметтің қаулысымен бекітілген «Құрметті автокөлікші» атағын облысымыздың 15 азаматы иемденді. Бүгін төсбелгілерді лайықтыларға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков арнайы тапсырды.

Осыған дейін автакөлік және жолаушыларды тасымалдау саласында ешбір азаматқа құрмет атағы берлімеген екен. Ел азаттығының 20 жылдығы қарсаңында қоғамдық көліктер қауымдастығы мен көлік және жолаушы департаментінің ұсынысымен бастама көтерілген болатын. Соның нәтижесінде өткен жылдың 15 желтоқсанында осы салада ұзақ жылдар бойы табысты еңбек еткендерге атақ беру туралы Үкімет бұйрық қабылдаған. Бүгін арнайы 7 жұлдызды құрмет төсбелгісі қоғамдық көлік саласының үздіктеріне тапсырылды.

Жалпы соңғы жылдары облыстық жолаушылар көлігі саласында тындырылған тірлік көп. Бұл ретте көлік компаниялары мен жолаушылыр тасымалдауды мойнына алған мекемелер сүбелі үлес қосты. Қоғамдық, құрмет медалі көліктердегі жол ақысының тұрақтылығы мен сапалы қызмет көрсетуде әсіресе Түркістан, Сарыағаш, Төлеби аудандарының жолаушы тасмалдау мекемелері көш бастап келеді.

Сонымен қатар, елеулі еңбектері үшін облысымыздың 5 автокөлікшісі Көлік және коммуникация министрінің құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың қатарында «Береке КИТ» ЖШС-нің директоры Амангелді Сәбденов пен «Орион» ЖШС-нің басшысы Сергей Тимченколар бар. Енді мұнан да сапалы қызмет көрсетеміз деп, тарқасты автокөлікшілер.