Еуро құлдырап барады

322
валюта айырбастау пункті

Әлемдік қаржы нарығында беделді Еуропа елдерінің ортақ валютасы — Евро әрі-сәрі күй кешіп отыр. Еуроодақ елдерінің құтын қашырып, кәрі құрлықты шарпыған экономикалық тығырық жайында отандық және бұқаралық ақпарт құралдары жарыса жазуда. «Еуроның дәурені тәмам», «Еуропа валютасының құлдырауы уақыт еншісінде» һәм осы тектес мәлімдемелерден көз тұнады. Хош делік, бүкіл Еуропаның қаржы жүйесін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап келген әлемдік валютаға қандай қауіп төніп тұр?

Алдымен Еуроодаққа мүше елдердің таратқан мәліметтеріне сүйенелік. Сұңғыла сарапшылардың кейбірі орын алған жағдай Еуропа қауымдастығындағы экономикалық жағдаймен тікелей байланысты десе, енді бірі евроның құны қалпына келеді деп үміттенеді. Ал әлемдік сарапшылар жаһандық нарықтағы еуроның құлдырауын еуроодақтағы тұрақсыздықпен тікелей байланыстырады.

Таяуда Еуропадағы ірі қаржы орталықтарының бірі Ұлыбританияның » Finance» басылымы евроның қазіргі жағдайына алаңдайтынын білдіріп, құрлықтағы елдер саяси мәселелер бойынша ымыраға келмейінше, жағдайдың қалпына келуіне сенімсіздік білдірді. Елдің Қорғаныс министрлігі одақтың қаржы дағдарысына себепкер деп Германияны айыптауда. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде неміс халқының 57% -ы еуроны емес маркты қолдануды қалайтындығын, еуродан тек жұрттың 32% — ы ғана тиімділікке кенеліп, жұрттың 66% — ы еуропа орталық банкінің саясаттарынан алаңдайтындығы белгілі болды.

Естеріңізде болса, дағдарыс алдында Ирландия басылымдары 2012-жылы әр ел бұрынғы ақшасын қалпына келтіреді, олардың өнім құны 9 %-ға азайып, ақшаның құнсыздануы жоғарылайды деп жорамал жасаған болатын. Айтқандай-ақ, евро өткен айларда доллармен салыстырғандағы өз құндылығының 11 пайызынан айрылып қалды.
Енді ортақ валютаның құрдымға кетуінің негізгі себептеріне талдау жасап көрелік. Батыс сарапшыларының пікірінше, құлдыраудың басты себебі — Грекияны дағдарыстан шығару үшін оған 2-ші мәрте қаржылай көмек беру туралы келіссөздердің тұйыққа тірелуі екен. Мұның өзі Грекияға дефолт қаупін қайта төндіріп отыр.

Ал Бельгияның «Open Europe» сараптамалық орталығының директоры Матс Перссонның айтуынша, еуроның алғашқы кемшілігі – одақтың бай және кедей елдері арасындағы бәсекелестік айырмашылығымен байланыстырады. Сайып келгенде әр түрлі басылымдардағы экономистер мен қаржыгерлердің пікірі осыған ұқсас. Олардың ойынша, Португалия, Ирландия, Грекия және Испания елдерінің экономикасы еуроаймақ мүшесі болуға тым әлсіз. Аталған елдерде ұлттық валюта болғанда, олар оны девальвациялау және есептік көрсеткіштерін төмендету арқылы экономикасын нығайта алар еді.

Мақаланың толық нұсқасын «Оңтүстік Рабат» газетінен оқи аласыз.