Кентау қаласы, Ромах көшесінедегі жеке үйдің пеші атылып, 3 адам қатты дене жарақатын алған. Қазір күйік шалған 59 жастағы әйел мен 19 жастаға келіншектің жағдайы нашар.
Оларға облыс орталығынан білікті мамандар шақыртылып, барлық жағдай жасалуда. Дәрігерлердің айтуынша, ол екі азамшаның денесінің 55 пайызын күйік алған. Яғни, 2-3 дәрежеде.
Ал 25 жастағы азаматтың жағдайы бірқалыпты. Ол жеке палатаға шығарылды. Оның айтуынша, үйдегі пештің мұржасына мұз қатып қалып, таңертең жаққан оттың түтіні пешке жиналып, бірден атылған.