Кентаулық депутаттардың алғашқы отырысы өтті

Кентаулық депуттаттардың корпусы

Кентау қалалық мәслихатының депутаттығына 51 үміткердің сайлау додасында халықтың қалауына ие болған 14 депутат алғашқы сессиясын өткізді.

Мәслихат хатшысы болып Сырлыбаев Керімжан сайланды. 5-шақырылымдағы депутаттардың 50-пайызы білім саласының қызметкерлері болып отыр.

Жиын барысында әрбір депутатқа төс белгі мен куәлік табыс етілді. 14 депутаттың 4-уі өткен төртінші шақырылымда, 2-уі үшінші шақырылымда халық қалаулысы болғандар.

Өзбек ұлтының бір азаматшасы бар. Олардың қатарын 4 кәсіпкер мен 3 дәрігер толықтырған. 7 депутат «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының мүшесі. Тұрақты 4 комиссияның төрағалары мен мүшелері сайланып, өз міндеттерін бөліп алды.