Мәжіліс ел премьер-министрі Кәрім Мәсімовке бірауыздан сенім білдірдіПарламент Үкіметке сенім білдірді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі шағын блогында жазды. «Парламент Үкіметке сенім білдірді», — делінген Twitter-дегі хабарламада. Бүгін бесінші шақырылған ҚР Парламенті сессиясының бірінші отырысында Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Сергей Дьяченко Мәжіліс төрағасының орынбасарлары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Өз құқығымды пайдалана отырып, Мәжіліс төрағасының орынбасарлары қызметіне Бақтықожа Ізмұхамбетов пен Сергей Дьяченконың кандидатураларын ұсынамын. Бұл адамдар барлығыңызға таныс. Бақтықожа Ізмұхамбетов министр болды, соңғы бес жыл ішінде Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметін сәтті атқарды. Сергей Дьяченкоға келетін болсақ, депутат болды, Ақмола облысын басқарды. Оларға сұрақ қоюдың қажеті жоқ деп есептеймін. Дауысқа саламын!», — деді Н.Нығматулин.
Дауыс беру қорытындысы бойынша, Бақтықожа Ізмұхамбетовтың кандидатурасына 104 депутаттың 104-і дауыс берді. Сергея Дьченко 102 депутаттың дауысын жинады.
Бесінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында палата комитеттерінің жаңа төрағалары сайланды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы етіп депутат Ромин Мәдиновті, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы етіп депутат Дариға Назарбаеваны, заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитет төрағасы етіп депутат Рахмет Мұқашевты, қаржы және бюджет комитетінің төрайымы етіп депутат Гүлжан Қарағұсованы, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп депутат Зейнолла Алшымбевты, экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы етіп депутат Александр Милютинді, экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің төрағасы етіп депутат Сейітсұлтан Айымбетовты тағайындау жөнінде қаулы етті», — деп жариялады Н.Нығматулин.
Мәжіліс комитеттерінің атаулары мен саны бұрынғы күйінде қалды.