Халық жаңалығы 

«Мадлен-KZ» компаниясы шымқалалықтарға сый жасады

Жаңа жыл және Рождество мерекелеріне орай «Мадлен» кондитерлік дүкендер жүйесі қалалықтарға тағы да тосынсый жасады. Шымкент тұрғындары мен қонақтарын жаңа тағам түрлерімен таныстырды. Теңіз өнімдерінен сан алуан тағам түрлері, тіл үйірер тәттілер мен жеміс-жидектердің кондитерлік композициялары… «Мадлен» кондитерлік жүйесі ұсынған алуан түрлі фуршеттік жеңсікас сіздің офисіңізде өтетін түрлі шаралардың ажары болмақ. Бұған «Мадлен» қонақтары да көз жеткізді.

Шахида Гаджиева, «Доктор Реддис» компаниясының сауда өкілі:»Мадленге» рахмет. Біз мұнда жанұямызжбен бірге келіп тамақтанып тұрамыз. Тіл үйірер тәтті тағамдарын жақсы көретіндігіміз соншалық, компанияда өткізілетін түрлі іс-шараларға шақырып, фуршет ұйымдастырып береді. Бұл өте тез, әрі өте дәмді. Қысқасы өте тиімді.»

«Мадлен» компаниясы жақында жаңа технологияға қол жеткізді. Республикада аналогы жоқ, фуршетті столдар құрал-жабдықтары сонау Франциядан әкелінген. Бұл да болса, Еуропалық стандарттарға сай, ерекше бизнес-ланч, кофе-брейк ұйымдастыруға өзінше сеп болмақ.

Елена Харитиди, «Мадлен» компаниясының Бас директоры:»Біз барлық шымқала тұрғындары мен қонақтарын Жаңа Жыл, Рождество мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. «Мадленнің» бар жаңа технологиямен жасалған тағамдары тек қана сіздер үшін.»

Сіз ешқайда бармай-ақ, офисіңізде отырып, тасымал, яғни жеткізіп беру қызметін пайдаланып «Мадленнен» арнайы фуршет тапсырыс берсеңіздер болады. Француз елінің технологиясымен безендірілген, Еуропаның иісі аңқыған талғаммен әзірленген тағам кез-келген отырысыңыздың шырайын арттырары сөзсіз. Сонымен, «Мадленнің» фуршеттік мәзірі сізді , сіздің қонақтарыңызды бей-жай қалдырмасы анық.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz