Маяқұмдағы жағдай мәз емес

225
ауыл тұрғындары мазасыздануда

Апат айтып келмейді. Ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан Сыр суынан тағы да қауіп төне бастады. Отырар ауданындағы Маяқұм ауылындағы ахуал қазір ауырлап барады дейді тұрғындар.

Маяқұмдағы жағдай мәз болмай тұр. Бұрындары ықтасын болып тұратын Дариядағы судың кемуінен өсіп тұратын ағаштар саны азайып кеткен болатын. 15-16 қаңтар күндері температураның күрт төмендеуіне байланысты мұздар қатып, су жағаға тасыған. Мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындар үшін жайылымдарды су басып, қауіп төнді. Облыстық Табиғатты қорғау мекемесінің 25 техникасы жеткізіліп, Маяқұм каналының оң жағына тоғандар салынып, апат бақылауға алынған.

Су тасыған күні төтенше жағдай жарияланған. Ресми тіркелген шығындар болмағанымен тоғайдағы малдарын жеткізіп үлгермеген тұрғындар да бар.