Жаңалықтар 

Монеталар арқылы капитал жинақтағысы келетіндердің қатары көп

Алтынды тот баспайды. Халықтың қанатты сөзі қашанда өміршең. Әлемдік нарықта алтын бағасы қымбаттап барады. Дүниежүзінің белді банктерінің де болжамы да осындай. Сондықтан да инвестициялық құнды алтын, күміс монеталарын сатып алу өте тиімді,- дейді жастайынан монета жинақтауды жаны сүйетін Юрий Дмитриевич Глухов.

Юрий Глухов, нумизмат: «Әрине, инвестициялық монета жинақтау сөзсіз тиімді. Бағасы да уақыт өткен сайын қымбаттай береді. Сондықтан да бұл болашақ үшін үлкен салым. Кеңестік дуірде осылай ақша жинақтағанымыщзда ғой, ұтйлмас едік.»

Инвстициялық бағалы монеталарды қай бағада сатып алғаныңызға қарамастан, банкке келіп, дәл сол уақыттағы белгіленген бағаға өткізе аласыз. Сондықтан да монеталар арқылы капитал жинақтағысы келетіндердің қатары көп дейді, банктегілер

Айнұр Қалжанова, ҚР Ұлттық банкі ОҚОФ аға сарапшы кассирі: «Инвестициялық монеталарға деген сұраныс жыл өткен сайын өсіп отыр. Ел мұның тиімді капитал екенін түсінді. Шынында да ақшаны монеталарға салым ретінде сақтағаннан ұтарыңыз анық. Монеталар қымбаттамаса, құны түспейді.»

Бұл монеталардың құндылығы арта түспесе, жоғалмайтындығын уақыт өзі дәлелдеді, дейді банк сарапшылары.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz