Облыстың экологтары жылды қорытындылады. Өткен жылы 596 мекемеге тексеру жұмыстары жүргізіліп, 276-да заңбұзушылық тіркелген. Тексеру жұмыстарын жүргізбес бұрын экологтар алдымен 30 күн алдын мекемеге хабарланатындаған айтады.
Десек те, ОҚО өндіріс орындары табиғат — Ананың жай-күйіне бас қатыра бермейтін көрінеді. Қоршаған ортаға келтірер залалынан бұрын, қалтаға түсер пайдасын көбірек ойлайтындықтары байқалады. Бір жылдың ішінде экология кодексінің талаптары бұзылуының 102 фактісі анықталып, табиғатқа тигізген залалы үшін 1 млрд. 239 млн. теңге айыппұл салынуы сөзіміздің дәлелі болса керек.
Әбдіғани АТЫМТАЕВ, Шу-Талас экология департаменті ОҚОФ директоры: «Бұл көрсеткіштер біздің эколог-инспекторлар жұмысының жүйелігілігін көрсетеді. Бірақ бір өкініштісі, әлі де болса, біздің өндіріс орындары мен мекемелер экологияға деген көзқарасын дұрыстай алмай келеді. Қоршаған ортаны қорғауға деген бетбұрыстың жоқтығын мойындау ләзім.»