Оңтүстік Қазақстан облысы соттарының жұмысы күннен-күнге артып жатыр. Бұл туралы Фемида қызметкерлері жиналыста жария етті.
Оңтүстік менталитетінің өзгеруіне байланысты мұндай сұрақтардың легі де өсіпті сотта. Енді тұрғындардың басым бөлігі өзекті мәселелерін тек сотта шешеиін болыпты. Былтырдың өзінде 42 мың тұрғынның азаматтық ісі қаралса, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 15 пайызға жоғары. Алайда, бұл көрсеткіш сот корпустарының көбеюіне байланысты емес дейді Жоғарғы сот.
Фемида қызметінің қорытындысына байланысты өткен жыл құқыққорғаушылар әділ жұмыс істепті. Оңтүстік өңірі республика бойынша жоғары орынды иемденіпті.
Судьялардың айтуынша, 5 пайыздық көрсеткішке тиесілі іске ғана шағым түскен, ал қалған 95 пайызы мақұлданып келіпті. Яғни, олардың пайымдауынша апелляциялық шағым беру қисынсыз көрінеді.
Жоғарғы соттың рейтингілік көрсеткішіне сай біздің облыс аудио және бейнефиксацияға байланысты процесстердің көшін бастап тұр екен.