«Ордабасы» футболшылары Түркияға жол тартты

229
Ордабасылықтар келесі маусымға дайындалуда

Шымкенттік «Ордабасы» футбол командасы Премьер лига командалары арасындағы Қазақстан Чемпионатына дайындығын бастады. Наурыз айында басталатын маусымда команда толығымен дайын болуы тиіс. Оның үстіне биыл жерлестеріміз еуропалық аренада ептілігін сынға салатын болады.

Бұл күндері ордабасылықтар Түркияға жол тартты. Алғашқы оқу жаттығу жиыны сол елде өтетін болады. Барлығы 15 күннен үш ауысым болады. Команданың бас бапкері Виктор Пасулькомен де футболшылар Түркияда кездеседі. Сондай-ақ, отандық ойыншылармен қатар бір легионерлердің де ептілігін мамандар сол елде байқайды. Алғашқы есімдер де осы 15 күннің ішінде белгілі болады.

Бағлан Ергешев, «Ордабасы» ФК спорттық директоры: «Бес легионердің ептілігін сынға саламыз. Сондай-ақ, бір қатар қазақстандық футболшыларды да байқаймыз. Әрине, команданың негзігі құрамы сол күйінде қалып отыр. Алайда, команданы күшейтуіміз қажет. Еуропада ұятқа қалмас үшін.»