Осы уақытқа келіп түскен облыстық сайлау комиссиясынан алынған мәлімет бойынша, облысымыздың 56,7 %, яғни 687 мың 631 азаматы дауыс беріп үлгерген.
Орталық сайлау комиссиясында анықтағанындай, бірінші орынға 57,60 % құрап, Бәйдібек ауданы шықты. Осы уақытта сәл ғана айырмамен 55,60 пайыз Ордабасылықтар дауыс беріп үлгерген. Сайлауда белсенділігі жағынан Түркістан қаласының тұрғындары үшінші орында келеді.