Бүгін шымкентте Парламент сенатының төрағасы Қайрат Мәми облыс активімен кездесті. Шараға облыстың барлық мемқызметкерлері мен басшылары сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, құқық қорғау органдарының лауазымдылары және облыс мәслихатының депутаттары қатысты.
Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми алдымен жиылғандарға Елбасының биылғы жолдауының негізгі бағыттарын таныстырып, ұтымды басымдықтарын атап өтті. Содан кейін жаңа жолдауда міндеттелген жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Мемлекет басшысы өз жолдауында Қазақстанның жаңа кезеңге аяқ басқанын атап өткен еді. Жаңа жылдан бастап экономиканың нығаюы үшін, халықтың әл әуқатын арттыру үшін жаңа міндеттер айқындалды. Жиын барысында Қайрат Әбдіразақұлы таяу онжылдықтағы негізгі жұмыстар осы межеленген істерге бағытталатынын айтты. Сонымен қатар, оңтүстіктегі үмітті салаларға және туризм саласына биыл әжептеуір көңіл бөлінетінгін атап өтті.
Актив жиналысын облыс әкімі Асқар Мырзахметов жүргізді. Кездесу кезінде сенат басшысы жиылғандардың сұрақтарына жауап беріп, облыс шеңберінде қордаланған мәселелер бойынша пікір алмасты. Әңгіменің басым бөлігі қазіргі қазақстандағы сот жүйесі жайында өрбіді. Жиын аяқталысымен делегация Сарыағаш ауданындағы шекара қызметінің жай күйімен танысуға аттанып кетті.