ОҚО Бәйдібек ауданындағы жұқпалы ауруға шалдыққан қойларды емдеуге республикалық қордан миллиондаған мөлшерде вакцина бөлінді. Мамандар белгісіз індетті шешек ауруы деп отыр.
Жұқпалы ауру желтоқсан айының соңында Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданына қарасты шаруақожалығында тіркелген болатын. Қожайынның айтуынша, 30-ға жуық қой белгісіз ауруға ұшыраған. Алайда мекен жайға жетіп, тексеру жүргізген мал дәрігерлері тек 3 қойды ғана анықтаған.
ОҚО мемлекеттік бас мал инспекторы Жүнісбек Тоғанаевтың мәлімдеуінше қосымша лобараториялық зерттеу жұмыстарынан кейін ауру –шешек деп танылып отыр. Алайда нақты диагнозды мамандар бірнеше күннен кейін жария етеді. Қазірге ауру анықталған ауданда карантин жарияланған.
Ал Бәйдібекке көрші аудандардағы қойларға вакцинация жүргізілуде. Осындай індетпен күресу мақсатында республикалық қордан миллиондаған мөлшерде вакциналар бөлінуде. Барлық облыстардағы қара мал ұстайтын үйлерде жеке-жеке клиникалық тексеру жүргізілуде. Ж.Тоғанаевтың мәлімдеуінше шешек ауруы облыста 10 жылдан бері алғаш рет тіркерген. Қазір мамандар жұқпалы аурудың қайдан жұққанын анықтауда. Бас маманның ойынша ол өзге көрші мемлекеттен келуі мүмкін