Шымкентте шығарылған 92 медициналық препарат Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда, облыс тұрғындарына 20 пайызға арзан бағамен сатылады. Сонымен 6ірге, үлкен сұранысқа ие дәрі-дәрмектің 200-дей түріне баға бақылауда ұсталады.
Медициналық және фармацевтикалық бағаны қадағалау комитеті бағаны тұрақтылықта ұстау үшін дәріхана иелерімен бірге арнайы мемарандумға қой қойды. Айта кету керек, биыл республикалық бюджет есебінен 12, облыстық бюджет себінен 37 ауру түрлерінің дәрі дәрмегі тегін босатылатын болады.
Полатходжа Имамходжаев, ОҚО бойынша фармацевтикалық бақылау департаментінің бас маманы: «Тегін босатылатын дәрі — дәрмектің тізімі мен қандай аурумен ауыратын науқастан аталған мед. препараттарға қол жеткізе алатыны туралы да жергілікті емханалардан білуге болады. Әр емханаға тегін дәрі босататын дәріхана бекітіледі. Диспансерлік есепте тұрған науқас учаскелік дәрігерінен рецепт жаздырып, емхананың жолдамасымен бекітілген дәріханадан дәрі ала алады».
Диспансерлік есепте тұрған қандай диагнозбен тегін босатылатын дәрілерге қол жеткізе алатыныңызды жергілікті емханадан білуге болады. Дәрі-дәрмек тізімімен осында таныса аласыз. Емханаға бекітілген тегін дәрі тарату құқығына ие дәріханалар сырқаттарға керекті тегін дәрісін тауып беруге тиіс.