Шымкент студенттері «Мукалтин» дәрісінің жаңа түрін жасап шығарды

Шымкент студенттері

Шымкенттегі фармацевтика академиясының студенттері арасында өткен ғылыми жобалар сайысы қорытындыланды. Қатысушыларға берілген тапсырма кеңінен қолданылып жүрген «Мукалтин» дәрісінің жаңа формасын жасап шығару болатын. Яғни, тың ғылыми идеяларын ұсыну.

Жобаларға қойылатын талап – дәрінің жаңа толықтырылған не өзгертілген түрі жаңашылдығымен қатар ел аумағында жүзеге асырылу мүмкіндігі болуы керек. Сайысқа қатысуға ниет білдірген ғылыми жаңа жоба авторларының арасында 7 үміткер іріктелініп алынған.

Сайыс қорытындысына сәйкес, 1 орын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармакадемиясының фармацевтикалық және токсикологиялық химия факультетінің студенті Махинур Мирсоатоваға бұйырды. Оның ойлап тапқан теориясын қазылар алқасы үздік деп таныған.

Сайыстың 2-орны Мұрат Ашировқа, 3-орын «Фармакология» кафедрасының көмекшісі Ольга Кимге бұйырды. Жүлделі орынға ие болған жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды. Ал басқа да студенттерге ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Айта кетейік, айтулы шара фармацевтика академиясымен қатар кәсіпкерлер палатасы және SANTO компаниясының ұйымдастырылуымен өтті.