Спорт 

Шымкентте футболдан балалар орталығы келесі жылы ашылады

Қазақстанның футбол федерациясы балалармен жасөспірімдер футболына қатысты жаңа жобаны іске қоспақ. Бұл мәселені ұлттық федерацияның президенті Әділбек Жақсыбеков қолдап отыр. 10 жылға жоспарланған бағдарламаны Қазақстан, Германия, Италия, Беларусия және Чехияның мамандары бірлесе жасап шығарған.

Ол бойынша қазақ жерінде арнайы мамандандырылған футбол орталықтарын ашу жоспарға алынып отрыр. Әр жас ерекшелігі арнайы қызметшіге тапсырылады. Орталықта 10 бапкер жұмыс жасап, шет елдік маман олардың жұмысын бақылайды. Биылғы жылдың өзінде бес орталық ашылса, келесі жылы тағы 9 іске қосылады.

Оңтүстікте мұндай орталық келесі жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгіннің өзінде Шым қалада үш спорт мектебінде футболшылар тәрбиеленеді. Жыл сайын жүзден астам жеткіншек кәсіпқой футбол командаларынан өзіне орын іздейді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz