Спорт 

Шымкентте тағы бірінші лига командасы ашылды

Биылғы футбол маусымында бірінші лигада оңтүстіктің намысын екі команда қорғайтын болады. Қалалық №7 футбол мектебінің 17 жастағы шәкірттері ел біріншілігінде ептілігін байқауға тырысады. Қоян жылында олар екінші лигада топ жара білген болатын.

қалалық №7 футбол мектебінің директоры

Нұрлан Орынбаев, қалалық №7 футбол мектебінің директоры: “Екінші лиганың қорытындысы бойынша біздің команда төртінші орын алған болатын. Алайда жүлделі болған құрамалар бірінші лигаға өтуден бас тартқан. Ол дегеніміз спорттық ереже бойынша біз бұл жолдамаға ие болдық.”

Қарлы алаңға шыққан №7 футбол мектебінің шәкірттерімен жетісайдың командасы. Алғашқы таимның өзінде-ақ 17 жастағы жеткіншектер есепті ашып, қонақтар қақпасына үш доп соғып үлгерген болатын. Алайда жетісайлықтар да шымкенттіктерге есесін қайтара білді.

17 жастағы жеткіншектер үшін бұл жолдастық кездесу ел біріншілігіне дайындық. Бапкерлер іріктеу жасап, бірінші лигада қай ойыншы ептілігін сынға салатынын айқындайды. Өйткені ересек командалармен сынға түсу оңай болмасы анық.

 Нұрлан Орынбаев, қалалық №7 футбол мектебінің директоры: “Анау айтқан жоспар құрып отырған жоқпыз. Ең бастысы тәжірибе жинақтап, бұл жеткіншектердің шеберлігін шыңдау. Оларды премьер лигаға дайындау. Оның үстіне 17 жастағы футболшылар үшін бірінші лига үлкен футболға жол ашады.”

Қаржы мәселесі де шешіліп қойған. Ендігі мақсат команданы жаттықтырып, сәуір айына дейін футболшыларды дайындау. бірінші лига командалары арасындағы республикалық дода көктемде бастауын алады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz