Шымкентте ХҚКО-ның Еңбекші аудандық бөлімі жаңа орынға қоныстанды

636
ХҚКО

Облыстық халыққа қызмет көрсету орталықтарының Шымкенттегі филиалы жаңа нысанға қоныстанды. Аталмыш орталықтың Еңбекші аудандық бөлімі Теріскей шағынауданындағы «Возрождение» дүкенінің ғимаратына орналасты. Бұрын  №4 филиал Сайрам көшесінде  жұмыс істейтін.  Енді анықтама, құжаттарды рәсімдеу үшін Еңбекші ауданының тұрғындары қаланы кезбей Теріскей шағынауданындағы бөлімде қажетті қызмет түрлерін пайдаланады.

Абай ЖАҢБЫРБАЕВ: Облыстық халыққа қызмет көсрету орталығының Еңбекші аудандық бөлімінің бастығы: «Мұнда азаматтарға жеке куәліктерді рәсімдеуден бастап барлық қызмет түрлері ұсынылады».

Орталықта жеке сәйкестендіру нөмірі және төлқұжаттарды рәсімдеуден өзге түрлі анықтамалар да дайындалады.

Айша Жарасбекова , тұрғын: » Мақтаралдан келіп Желтоқсан көшесіне тіркеуге тұрудамыз. Құжаттарымызды тапсырдық, тіркеу құжаттары 3 күнде дайын болады. Ыңғайлы».

Тұрғындарға ыңғайластырылып жаңа мекенжай бойынша ашылған халыққа қызмет көрсету орталықтары бөлімдерінің жұмысы азаматтарға жедел сапалы қызмет көрсетуге бағытталған.

Ғалым Маймышев, ОҚО халыққа қызмет көрсету орталығының операциялық зал бастығы: «Абай аудандық бөлімі ОҚО ХҚЗО Фараби аудандық бөлімі Республика даңғылы 15, бұрынғы «Скороход» дүкені ғимаратына орын ауыстырады».

ХҚКО аудандық бөлімдердегі электрондық база жүйесі азаматтардың берген арызы не өтініші бойынша қажетті деректі шұғыл түрде әзірлеуге мүмкіндік береді. Тиісті құжаттарыңызды белгіленген мерзімде алуға толық құқығыңыз бар.