Жаңалықтар 

Шымкенттік дуэт Тимур мен Арай жаңа ән жаздырды

Алғаш рет Тимур мен Арай дуэті “Гүл еркем” атты әнімен көрермен қауымға танылған болатын. Ал бүгінде 7 жылдай өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүрген дуэттің репертуарында 11 ән бар. Ал бейне клиптері төртеу.

Жақында Жергілікті дуэт Тимур мен Арай Карима Оралованың сөзіне жазылған, ал әнін Әбдіхалық Әбдіраймов жазған кішкентай балаларға арналған жаңа ән жаздырды. Алайда жаңа туындыға әлі ат қойылмаған. Сәтін салса жаңа әнге бейне клипті келесі айдан бастап түсірсек дейді дуэт. Қазір Тимур мен Арай жаңа бейне клиптің сюжеттік желісін ойластыруда екен.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz