Соңғы екі айда оңтүстікқазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы алға жылжыды

193
брифингке катысушылар

Халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 60,8 мың адамды құраса, облысқа көшіп келген халықтың саны 28 686 адам болыпты. Бұл туралы статистика агенттігінің облыстық басқармасының мамандары жария етті. Ал бұл көрсеткіш былтыр 33 409 адам болған.

Сондай-ақ өңір тұрғындарының тұрмыс деңгейі көтеріліп, жан басына шаққандағы ақшалай табыстары 6,5 пайызға өскен. Қызметкерлердің орташа айлықтары 70 315 теңге болып, жұмыссыздар сана 0,2 пайызға азайған.

Тұтыну бағаларының индексі 100,1 пайызды құрады. Яғни, азық-түлік тауарлары өз бағасында қалса, өзге тұтыну тауарлардың бағасы 0,2 пайызға өскен. Сондай-ақ, халыққа ақылы қызмет көрсету 0,1 пайызға тағы өскендігін байқатып отыр. Ал өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 0,7 пайызға төмендеп отыр.