Түркістанда Нұртас Оңдасынов атындағы мұражайдың шатыры отқа оранды

104
Әбүйір болғанда, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ
Әбүйір болғанда, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласынан өрт шықты. Шаһардағы іргетасы 1904 жылы қаланған Нұртас Оңдасынов атындағы мұражайдан тілсіз жау шықты деп хабарлайды Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қызыл алау қаңтар айының 4-жұлдызында кешқұрым басталыпты. 650 шаршы метрді шарпыған өрт негізінен ғимараттың шатырынан шыққан.

Тілсіз жаумен бір жарым сағат айқасқан өрт сөндірушілер зардап шегушілердің жоқтығын хабарлап, көңілімізді бір демеді.