Бүгін қариялар өздерінің зейнетақысын банктен ала алмады. Таңертеңмен ерте үмітін үкілеп келгендер кезек күтумен уақытын өткізді. Халық банкінің бөлімшесіне келген зейнеткерлер өз зейнетақысына қол жеткізе алмай әбігерге түсті.
Ал мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының мамандары зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша айтарлықтай проблема жоқтығын алға тартып отыр. Төлемді аудару кестеге сай жүзеге асырылуда дейді олар.
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығындағылар биылғы жылдың алғашқы зейнетақысын қариялар өсіммен алатынын айтып отыр. Алайда әзірге орталық мамандары асықпауға шақырады.