Жыл басынан Шымкентте 150 теміртұлпар ғана техникалық байқаудан өткізілген

221

Биыл жыл басынан бері Шымкент қаласындағы техникалық байқау орталығынан бар болғаны 150-ге жуық автокөлік өткен. Көліктерді техникалық байқаудан өткізу толық автоматы түрде жүргізілгендіктен өз автокөлігінің техникалық жағдайына сенімсіз жерлестеріміз орталықа келуге қорқақтап та жүрген секілді. Дегенмен, көліктердің компьютер арқылы көрсеткен ахауларын жөндеуге 10 күн уақыт берілетіндігін жүргізушілердің білгені  жөн.

Техникалық байқау орталығында кезек көп деген бекер сөз болып шықты. Өзіміз көргендей боксқа бірен саран ғаны көлік кіріп шығып жатыр.  18-20 минуттың ішінде мамандар арнайы қондырғыларды пайдаланып, көлігіңізді толық диагностикадын өткізіп, жарамсыз жерлері жайында ақпаратты қолыңызға ұстатады. Одан әрі 10 күн ішінде көрсетілген кемшіліктерді жойып қайта келесіз. Әрине, ол үшін алғашқы төленген 3000 мың теңгеден бөлек, қосымша қаржы төлеуге тура келеді.

Жасыратыны жоқ көлігіңіздің техникалық жағдайы сақадай сай болып, мүлік салығы төленіп, сақтандыру куәлігіңіз болған жағдайда ғана мамандар қолыңызға техникалық байқаудан өтті деген құжат береді. Әзірге жыл басынан бері орталыққа келген көліктердің 20-ға жуығы талаптарға сай келмей кері қайтарылған. Байқау орталығы алғашқы келген 50 автокөлікті акция ретінде тегін тексеріп берген.

ОҚО-да бар екі техникалық байқау орталықтары көрсеткен қызметері үшін алатын қаражатарының құны айтарлықтай қымбат болмағанымен көліктерін байқаудан өткізуге ниетілер көп деп айту қиын. Мамандар әзірге тек 2012 жылы рәсімделген көліктердің келіп жатқандығын айтады. Жұмыс күн жылына қызатын секілді.