«Қызметтен кетсем де елден кеткен жоқпын….»

«Оңтүстік Рабат» газетінің «Қайдасыз?» атты тұрақты айдарының бұл жолғы қонағы Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Өмірзақ ӘМЕТ.

– Өмірзақ Әметұлы, Сіз қазір қайда жүрсіз? Бұл журналистік қызығушылығымыз ғана емес, газетіміздің оқырмандары арасында Сіздің қазіргі тыныс-тіршілігіңізді білгісі келетіндер көп.

– Мен туған өлкемнен кеткен жоқпын. Шымкентте тұрамын. Елде ауылшаруашылығының дамуына өздігімше үлес қосып жатқан жайым бар. «Тату Агро» ЖШС-нің құрылтайшысымын.

– Шымкент қаласы әкімі қызметінен кеткенде қандай ойда болдыңыз? Сол кездегі сіздің әріптестеріңіздің бірқатары қазір де билік басында жүр. Аралас-құраластығыңыз жалғасуда ма? Қызметтен кетуіңіз арадағы сыйластыққа сызат түсірген жоқ па?

– Шынын айтқанда, қызметтен дәл сол кезде кетеді екенмін деген ой болған жоқ, әрине. Ойламаған жерден болғаны рас. Бірақ анам мені «креслода» туған жоқ қой. Туғаннан еңбек пен өз күш-жігерімізді жанымызға жалау етіп өскен әулеттің баласымыз. Қоғамның қай саласында болсын, тірлігіңді дөңгелетіп, еліңнің дамуына өз үлесіңді қоса аласың. Ал қызметтен кеткеннен соң да, кезінде әріптес болған, сыйлас болған жолдастармен қарым-қатынасымыз үзілген жоқ. Кейбірінің мансабы жоғарыласа да сыйлап, хабарласып тұрады. Бұл да үлкен адамгершіліктің, көрегенділіктің, түсінісушіліктің белгісі. Ондай азаматтарға рахмет. Дегенмен, жасыратын несі бар, қасымда жүріп, мені паналап, жағалап, «ағалап» жүргендердің бірталайы теріс айналды. Әрине, кімнің кім екенін осындайда білесің…

– Осы зауытты Оңтүстік Қазақстан облысынан емес, Қызылорда облысынан ашуыңызға не себеп? Кәсіпорынның «Тату Агро» деп аталуында не мағына бар?
– Мен әуелі зауыт салатын жерді осы Оңтүстіктен іздедім. Жер сұрап Отырар ауданының әкіміне бардым…

Өмірзақ Әметұлымен болған сұхбаттың толық нұсқасын «Оңтүстік Рабат» газетінің №6 санынан оқи аласыз. Сонымен бірге оның төмендегі сұраққа берген жауабын да білгіңіз келсе газетті алып оқыңыз.
– Бұрынғы қала әкімі ретінде қазіргі Шымкент қаласы әкімінің жұмысына қандай баға берген болар едіңіз? Өзіңіз де сол қызметте отырдыңыз, қазір енді сырт көзбен қарағанда барлығы да көрініп тұратын шығар…