Дзюдо палуаны Германиядан қоламен келді

456
келесі жолы алтын медаль облыс қоржынын толықтырады

№10 күрес түрлері мектебінің шәкірті кезекті рет топ жарды. Ғалымжан Төлепбай Германияда өткен халықаралық турнирден оралды. Бұл жолы 16 жастағы жерлесіміз қола медальды жеңіп алды.

Ғалымжан оңтүстіктен барған 7 палуанның арасынан жүлде жеңіп алған жалғыз спортшы. Енді ол Азияда ептілігін сынға салып, бапкер үмітін ақтауға тырысады.

Базарбек Донбай, дзюдо күресінен жастар арасында ОҚО аға бапкері: «Дети Азий» турниріне дейін әлі бірқатар жарыстар бар. Тәжірибе жинақтап, Азияда үздік танылу үшін шеберлігін шыңдайды. Дайындық қажет. Ендігі медаль тек алтыннан болатынына сенімдіміз».

Бұл шымкенттің ең жас палуандары. Жеткіншектер шеберлігін шыңдап, алдағы жарыстарға дайындық үстінде. Сондай ақ сәуір айында қалалық күрес мектебінің ұйымдастыруымен қала әкімінің кубогі үшін талас Шымкентте өтетін болады.