Ақмаралға көмек көрсетілді

Көп балалы ана Ақмарал Мейірбекова балаларын жасөспірімдерді бейімдеу орталығына уақытша орналастырды.

Естеріңізге сала кетейік, жоқшылықтың тауқыметін тартқан ана журналистерден көмек сұрай келген еді. Шеттей бала-шағасымен Қайнарбұлақ саяжайында пәтер жалдап тұратын ол-онкологиялық ауруға шалдыққан. Емделіп, балаларына жәрдем ақы алайын десе, ішіп-жеген ас-ауқаты үшін құжаттары кепілде жатыр.

Жомарт жандардың арқасында Ақмарал барлық қарызынан құтылып, құжаттарын алған. Ал балалары жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналасқан. Киім-кешек пен де, азық-түлікпен де көмектесіп, қол ұшын созып жатқандардың қатары көбейіпті. Енді, көп балалы ана аурухана ешбір уайымсыз жатып, емделетінін айтады. Содан соң, мемлекеттік жәрдемақыларға құжаттар тураламақ.