Көпбалалы ана Жазира Тұрғынова отбасымен жаңа үйіне көшіп барды

820
Көпбалалы ана Жазира Тұрғынова отбасымен жаңа үйіне көшіп барды

Ел аузында жүрген ең жас батыр ананың баспаналы болуына кәсіпкерлер қаржылай көмек берген. Жақында ғана Елбасының алдында сөз сөйлген азаматшаның бүгін арманы орындалып, отбасымен баспанаға қол жеткізді.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша көп балалы ана Жазира Тұрғынованың жағдайын естіген бақуатты азаматтар бірден баспана алуға қаржы беретіндіктерін айтқан. Жазираның отбасының пәтерлі болуына қаржылай көмек көрсеткен бірнеше қайырымды азамат өзінің аты жөндерін жария етпеуді сұрапты.

Қайырымды кәсіпкерлер осылайша көпбалалы отбасыға Елбасының атынан сый жасамақ болған. Жас отбасыға берілген үй төрт бөлмелі. Бір қызығы көпбалаы отбасыға берілген үйдің бұрынғы егесі теледидар, шкаф сынды үй жиһаздарын сыйлық ретінде тастап кетіпті.

Жазира Тұрғынова Түркістан облысы Төлеби ауданы Ұзынарық ауылының тұрғыны. 27 жасында 7 баланың анасы атанған. Көпке үлгі боларлық ана. Бүгінде үш қыз, төрт ұлды тәрибелеп отырған батыр ана қуанышын жасыра алмады.

Көпбалалы ана Жазира Тұрғынова отбасымен жаңа үйіне көшіп барды

Жазира Тұрғынова: «Қуаныштымын, осындай сый жасаған барлық азаматтарға алғысымды айтамын. Қазақтың санын тағы да көбейте береміз. Ең бастысы балаларымның денсаулығы мықты болып, еліміздің абыройлы азаматы болып өссін деген тілегім бар».

Лаура Нақыпқызы