Түркістанда 12 анаға “Алтын” мен “Күміс” алқа табысталды

34

Түркістандық 12 алтын құрсақты ана алтын және күміс алқа иесі атанды. Қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев көп балалы аналарды арнайы шақырып, төсбелгіні табыс етті.

“Отбасы шағын мемлекет десек, сол мемлекеттің болашағын тәрбиелеп, өсіріп отырған сіздер, аяулы аналар. Барлығыңызға денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін,”-деді шаһар басшысының орынбасары. Рухани астанада жыл санап алтын және күміс алқа иегерінің қатары артып келеді.

Биылғы көрсеткішке сүйенсек, қалада 405-батыр ана бар. Оның 97-сі алтын алқа, 308-сі күміс алқа иелері.