Сот шешімдері жылдап орындалмайды

375

Сот шешімдері жылдап орындалмайды. Шымкент қ. әл-Фараби аудандық сотында өткізілген дөңгелек үстөл басына жиналғандар осы тақырыпты талқылады. «ОҚО-да сот орындаушылары жетіспейді. Оның үстіне ретті мұрағат жұмыс жасамайды…» Бұл сот шешімдерінің дер кезінде орындалмауының негізгі себептері. Одан бөлек, полицейлер де әсіресе, қарулы қылмыстарға қатысты сот шешімдеріне келгенде олқылыққа жол берген.

Тіпті 2005 жылғы сот шешімдері орындалмауда деп ашынды әл-Фараби аудандық сотының төрағасы. Бірақ сот төрағасының бұл сынына тәртіп сақшылары мандытып жауап бере алған жоқ.

«Жыл сайын бізде дәл осы сұраққа жауапты қызметкерлер ауысып кетіп жатады. Мәселенің де қордаланып қалуы да сондықтан»- деді  ОҚО ІІД өкілі.

Судьялардың қаржы полицейлеріне де айтар назы бар.

Низамеддин Жамашев, Шымкентқ. әл-Фараби аудандық сотының төрағасы: «Әсіресе, пара алу сияқты шұғыл түсірілімдерде пайдаланылатын кассеталардан судьялар істі қарау барысында біршама қиындыққы тап болады. Істің анық-қанығын анықтап, әділ  шешім шығаруда бұл да болса қолбайлау.»

Ал қаржы полициясының өкілдері: Біз шұғыл түсірілімдерді арнайы құрылғылармен түсіреміз.Агенттік бізге басқа құрылғы бөлмейді ғой. Айғақты заттарды біз басқадай көшіре алмаймыз. Түсірілімдердегі кассеталардың маркасы хаттамаға жазылып, істің құжаттарына тіркеледі»- деп жауап берді.

Сот шешімдерінің орындалмауы жағынан әл-Фараби аудандық соты алдыңғы орынды бермей тұр. Осылай деп ашынған судялардың наразылығына сот орындаушылар былай деп жауап берді.

Еркен Отарбаев, ОҚО сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары:»»Кемшіліктер көп. Оны мойындау керек. Орын алып жатқан олқылықтар мен кемшіліктерді болдырмау бағытында жұмыс жасап жатырмыз. «

Дөңгелек столға жиналғандарға судьялар қателіктер мен олқылықтарды жою үшін бір ай уақыт берді.