Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған нәзік жандыларға арналған дағдарыстық орталық ашу керек. «Даму» жастар қоғамдық бірлестігі осындай бастама көтеріп отыр. Шымкент қалалық әкімдігі жанындағы әйелдер ісі жөніндегі комиссияның кезекті отырысында осы бастама талқыға түсті.
Аталған «Даму» жастар қоғамдық бірлестігі тұңғыш рет Шымкентте қайырымдылық негізде Вена балын ұйымдастырып отыр. 13-мамыр күні өткізілетін мәдени іс-шарадан түскен қаржы тұрмыстық зорлықпен жәбірленгендерге қамқор болар кризистік орталық салу жұмысына жұмсалмақшы.
Тұңғыш рет өткізілгелі тұрған Вена балының қадірлі қонақтары, елімізге танымал азаматтар Батырхан Шүкенов пен Лаки Кесоглу. Балға іріктеліп алынған 80 қыз бен жігіт қатысып, Штраустың Вена вальсі мен полонез, полька, минуэт, кадриль билерін билейтін болады.
Билеттің құны 15 мың теңге.