Қазақстанның ірі ұялы байланыс операторы Kcell журналистерді жүйелік мониторинг және байланыс аясын бақылау сапасымен таныстырды. Әрдайым сапаға аса көңіл бөлетін компания абонеттері үшін тәулік бойы жұмыс істейді.
Заманауи жүйе кез келген өзгерісті тез арада хабарлап отырады. Бүкіл Қазақстандағы байланысты көрсетіп тұратын мониторинг орталығы кең жерде орналасқан. Журналистерге алғаш рет бір уақытта 12 мың абоненттің сөйлесуі және 17 мыңға жуық жанның ғаламтор арқылы байланысуға мүмкіндік беретіні жайлы таныстырылды.
Ал мына бөлмеде ондаған адам еліміздің барлық станцияларындағы жұмысты бақылап отыр. Дәл осы жерде алғаш рет апатты жағдайлар мен анықталып, хабарлама жіберіледі. Міне қазір елімізде 88 базалық станциялар ыстық ауа райы салдарынан істен шықты. 90 пайыз апатты жағдай тіркелген. Ал абонеттер оны байқап та үлгермейді.
GSM-Казахстанның қызметкерлері алғаш рет өз жұмысындағы техникалық жайттар жайлы тілшілерге айтуда. Кселл тілшілерге ашық болуды шешіп, медиа-күндер өткізуді ұйғарды. Компания жетекшілеріне барлық сұрақтар кеңінен қойылды.
— Қай аймақта мәселе туындады? Нұрлан Сарғасқаев, GSM Kazakhstan /Kcell бизнесті дамыту бойынша директоры: «Бізде Өскеменде проблема узаққа созылды. Аймақтық бағдарламаны жыл басында бастап, 10 пайзын игере алмадық. Бұл ұзаққа жалғасты. Енді жүзеге асты».
Шымкенттіктер кселл мен активке бірден ден қойды, деп атап өтті GSM Kazakhstan /Kcell бизнесті дамыту бойынша директоры Нұрлан Сарғасқаев. Нарықтағы әріптестер, әрі бәсекелестер байланыс жүйесін нарықтан ысыра алмады. Дегенмен оңтүстік абонеттерінің көңілінен бірден шығу шарт.
Нұрлан Сарғасқаев, GSM Kazakhstan /Kcell бизнесті дамыту бойынша директоры: «Өйткені Шымкентте бәрі белсенді. Нарық қызып тұр. Клинеттер өте сауатты, білімді. Оған ұсынғаныңыз ұнамаса, бірден бұрылып өзге бәсекелеске кетіп қалады. Біз Шымкентте бизнестің дамуына айтарлықтай көңіл бөлеміз».
Қазақстанда Кселл 1998 жылы пайда болды. Жұмысын 5 мың абонетпен бастаған болатын. Ал қазір GSM-Казахстанға 11 миллионнан аса абонент тіркелген. Компанияның жаңа жоспары — жүйені 3 G-ге дамыту. Әзірге оны 4,5 миллион қазақстандық пайдаланады. Әрі қарай GSM-Казахстан мобильдік ғаламторды дамыту бойынша базалық станцияларды орнатуды жалғастырмақ. Компания 2 миллиард долларға жуық қаржыны ұялы байлансты дамытуға бағыттады. Ал жақында мобильдік жүйе алыс ауылдарда да жұмысын бастайды.