Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде қос мереке. Жоғары оқу орнын бітірген түлектерге диплом тапсырылуда және биылғы түлектер университеттің 20 жылдық мерейтойын ұжыммен бірге атап өтті.

Осы 20 жыл ішінде білім ордасы беделін асқақтатып, түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болып отыр.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық универститеінің 4-курс студенттері үшін бүгін ерекше күн. Салтанатты мереке оқу үздіктеріне қызыл диплом тапсыруымен бастауын алды. Динара Бекназарова информатика мамандығын таңдаған. Түлек ұстаздардың үмітін ақтауға дайын, өйткені 4 жыл бойы универститет қабырғасында білім нарын сусындады.  

Биыл Оңтүстік Қазақстан педагогикалық универститеті өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы жылдары жоғары оқу орнында 5 мыңнан астам студент дәріс алды. Озық тәжірибелер мен әдістерді оқу барысында тиімді пайдалану арқылы білім ордасы жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Ұстаздар қауымының түлектерге тілегі бір.

Салтанатты жиынға шақырылған қонақтар Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің түлектеріне даңғыл болашақ, ақ жол тіледі.