Суға шомылуға «Дельфинге» келіңіз

564

«Дельфин» аквасаябағында шомылу маусымы ашылды. Енді шымкенттіктердің қаладан тыс жерге барып, шомылатын өзен-көл іздемей-ақ қоюларына болады. Қазір аквасаябақта демалушыларға барлық жағдай жасалған. Үлкен хауыз, сырғанайтын және күнге қыздырыну орындарына билеттердің бағасы да тиімді.

Төбешіктен сырғанап, күнге қыздырынып, көңілді демаламын деушілерге «Дельфин» аквабағында қажетті жағдай жасалған. Бүгін шомылуға келген қала тұрғындары мен қонақтарына саябақ есігі айқара ашылды. Тап-таза тұнық су, үлкенді-кішілі хауыздар, кафетерилер сіздің және жақындарыңыздың жақсы демалуы үшін сақадай сай тұр.

«Дельфин» аквабағына жан-жақтан келіп демалушылар көп. Шымкентте еңбек демалысын өткізуге сонау Бакуден келген Хатира Мирзоева отбасымен бірге демалуда. Бүгін де, әдеттегідей, балаларымен шомылуға келіпті.

Қызылордалық Айгүл Сапарова да демалысын Дельфинде өткізуде. Ол жазғы демалыста Шымқалаға балаларымен жиі келеді екен. Аквабақты демалысты көңілді өткізуге қолайлы орын деп санайды.

Балалардың сыңғырлаған күлкісі су шолпылымен үйлесіп-ақ тұр. Яғни, аквабақта демалушылар үшін тиісті жағдай жасалған. сондықтан, жазғы демалыста алысқа бармай-ақ, суға шомылуды қаласаңыз, «Дельфинге» келсеңіз болғаны.