Қош келдің, Рамазан

573

«Қош келдің, Рамазан». Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы облыстық қазақ сазды драма театрына жиналған жамағатқа айлардың сұлтаны — Рамазан айына арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Ораза қарсаңында ұйымдастырылған шараның ерекшелігі де өзгеше.

Бұл жолы айлардың сұлтанына арналған концерттік бағдарлама ұлттық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтті. Ұйымдастырушылар шараны осылай өткізуді жөн көріпті. Бұдан бөлек, имандылық пен Рамазан айы турасындағы термелер мен жырлар айтылды. Жиналған жамағат отыз күн оразаны қарсы алуға аса қуанышты.

Бар мұсылманға фарыз етілген оразаның сауабы мол екені жамағатқа жақсы түсіндірілді жиында. Жалпы, Рамазан айының қадір-қасиеті туралы да айтылған ой аз емес. Айлардың сұлтанына арналған концерттен жұрт имандылықпен сусындап қайтты.