Батутта секіру елімізде жаңа қолға алынып, даму үстінде. Алайда, көп қаржылай шығынды талап ететін спорт түрімен айналысуға біздің жерлестеріміздің тәуекел етіп кіріскені қашан.
Бұл спорт түріне енді келмесе де мына жастар акробаттар бағдарламасының жаңа түрімен күнде жаттығады. Әлем, Еуропа чемпионаттарында жеке-жеке өнер көрсеткен олар едәуір жетістіктерге жеткен. Бағлан Іңкәрбектің бұл спортқа бет бұрғанына 2 жыл ғана болған. Ел жарысының жүлдегері Еуропа кубогында 10 үздікке енген.
Баттута секіруде төрешілер техникамен, қимылды есепке алады. Елімізде аталған спорт түрін енгізу қолда бар мүмкіндіктерге тәубә деп, біртіндеп іске асырылуда. Ендігі жылы оларды үлкен сынақ күтіп тұр. Әлем кубогнының бірнеше кезеңдерінде Олимпиадаға жолдама ойнатылады.
Мұрат Аблятифов, Қазақстан құрамасының бас бапкері: «Ендігі жыл жауапты жыл болайын деп тұр. Әлем кубогының 7 кезеңі өтеді. Онда Олимпиада ойындарына жолдама ойнатылады. Барлығына қатысуымыз керек. Біреуінен қалып қалсақ, Қарсыластарымызға мүмкіндік беріп аламыз. Сондықтан, жаттығуымызды Қытай елінде жалғастыруды көздеп отырмыз».
Фристайл спортының акробатика сынында шыр көбелек айналып жоғары көрсеткішке қол жеткізу үшін спортшылар дүйсенбі күні Қытай еліне аттанбақ. Онда суда 12-тамызға дейін жаттығады.