Жанбота Европа чемпионы атанды

164
Соңғы үш айда Жанбота бес рет жеңістұғырына көтерілді, фото спортшының жеке парақшасынан алынған

Фристайлдан Европа кубогі Швейцарияда өз мәресіне жетті. Жерлесіміз Жанбота Алдабергенова бұл жолы да алтын медаль иесі атанды.

Соңғы үш айда Жанбота бес рет жеңістұғырына көтерілді, фото спортшының жеке парақшасынан алынған

Естеріңізге салайық, желтоқсан айында Финляндияда өткен Еуропа кубогінде Жанбота күмістен және қоладан медаль таққан болатын. Ал мешін жылының алғашқы айында Минск қаласында екі рет жеңіс тұғырына көтерілді.

Ел тарихында алғаш рет Әлем кубогі үшін таласта жерлесіміз Мәскеу қаласында екінші орыннан көрінді. Нәтижесінде еуропалық жарыстардың жалпы есебінде үздік спортшы атанды. Жеңіс құтты болсын, Жанбота!