Шымкентте қайыршылармен күрес басталды

366

Шымкентте қайыршылармен күрес басталды. Әйтпесе болмайын деп тұр. Алақан жайып күн көруді әдетке айналдырғандар қаланы қаптап барады.

Полицейлер «Қайыршы» операциясы арқылы оларды шахардан қуып қана қоймай, қылмыстық істерге қатысы бар жоғын да анықтамақ.

Рейд барысында бірер сағатының өзінде бала-шаға аралас 30-ға тарта адам ұсталды.

Қайыршылар арасында келімсектер де көп. Енді олар ел аумағынан шығарылатын болады. Айта өтейік шымкентті қайыршылардан тазарту жұмысы тамыөздың 16-ына дейін жалғасады.