Шымкент қаласының бюджетіне өзгеріс енгізілді

228
сессия

Депутаттар республикалық және облыстық бюджеттен қосымша бөлінген 1 миллиард 400 млн теңгені жоғарыдан қысқартуға келісімін берді. Бағдарлама әкімшіліктерінің сұраныстарына сәйкес, қаржы бір бюджеттік бағдарламадан екінші бағдарламаға ауыстырылды.

«Жайлау» шағын ауданындағы 300 орындық, «Ворошиловкадағы» 1200 және «Құрсай» елдімекеніндегі қирағалы тұрған ескі мектептің орынына бой көтеретін 900 орындық білім мекемелерінің құрылысына қаржы бөлінетін болды. Бұдан бөлек Шымкенттегі жаңа әкімшілік іскерлік орталықтың инженерлік инфрақұрылымына қаралған қаржыдан 1 миллиард 400 милион теңге қайтарылып, оған бірнеше шағынаудандарға ауыз су жүйелері мен көгілдір отын құбырлары тартылады.

Қалалық мәслихат депутаттарының қала қазынасынан бөлінген 30 милион теңгенің мақсатты жұмсаулына қатысты сауалдары көп болды. Бұл қаржы Бәйдібек би бабаның ескерткішіне қосымша абаттандыруға жұмсалады екен.

Ал қала бюджетінің кіріс бөлігі 823 милион теңгеге ұлғайды. Ол Шымкенттің қажетті әлеуметтік төлемдеріне, білім беру саласына, су, газ және жылу жүйелерін реттеуге жұмсалатын болды.