Әлеуметтік дүкендерден арзан ұн мен нан табылмады

398
Шымкентте нан қымбаттады

Арзан ұн мен нан қайда? 12 ірі сауда орындары мен «Атамекен» ЖШС-не қарасты әлеуметтік сауда дүкендерінде жеңілдетілген бағамен ұн сатылуы керек болатын. Онда 1-ші сұрыпты ұнның 1 келісі 50 теңге делінген еді.  Нанның түр-түрі дүкендерде 35-40 теңгеден саудалануда. 

Сатушы: «Нан қымбаттады. 32 теңгеден алып, 35-40 тан сатып жатырмыз. Ертең айтып жатыр, 35 тен әкелсе, 401 тан сатуға мәжбүрміз. Бірақ, әкмішілік 40 тан сатуға рұқсат бермей отыр. Сонда біз қалай сатамыз? Салық, жалға алатынымыз бар, орынға төлейтініміз бар. Не істерімізді білмей қалдық».

Бағаның көтерілгенінен әрине, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен зейнеткерлер зардап шегеді. Нанның қымбаттауы-оларға оңай тимесі анық.

Сатылымға шығарылған тауар шарықтап, тіпті Жаңа шахар базарында 50,25 келілік қаптағы ұнды табу қиынға соқты.

«Атамекен» әлеуметтік дүкенінде де ұн көрінбеді.

Күлипа Асылбекова, саудагер: «Арзан ұн бар, кездеседі. Атамекеннің жоғарғы сұрыпты ұнын жақсы сатып алып жатыр. 50 теңгеден дегенді естімедік. Жеңілдетілген бағамен кеше әкеледі деген бүгін ертең әкеліп қалар».

«Жаңа Шахардан» 50 шақырым жерде тағы бір әлеуметтік дүкен орналасқан. Онда ұн таңертеңімен сатылып кетіпті. 

Ал қалалық әкімдікте 12 сауда орнымен «Атмекен» ЖШС-нің 23 әлеуметтік дүкенінде ұнның жеткізілуінде ғана кешігу болуы мүмкін деді.

Жеңілдетілген ұнның сатылуында шектеу болмайды дейді әкімдіктегілер.Тек оны аз қамтылған отбасылары,яғни мұқтаж жандар ғана пайдаланса деген ниет бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=O9dYc_fgdgc[/youtube]